ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті туристердің қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында QR-код арқылы демалушыларды қашықтықтан тіркеу интерфейсін әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жүйе туристерге қосымшаларды орнатпай-ақ маршрут пен жету мерзімін көрсете отырып, тез тіркеуге мүмкіндік береді.
- QR код қонақүйлерде, туристік базаларда және адамдар көп келетін жерлерде орналастырылған. Барлық ақпарат ШҚО ТЖД жедел орталығына тікелей келеді, бұл тәулік бойы мониторингті және шұғыл әрекет етуге дайындықты қамтамасыз етеді. Жүйе қазірдің өзінде пилоттық нүктелерде іске қосылып, өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл цифрлық шешім өңірдің туризм саласындағы бақылау мен қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, - деді Рашид Блялов.
Пікірлер