A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 17:25 0

ШҚО-да екі мыңнан астам салық төлеуші «Халық бухгалтері» қызметін пайдаланды

Бүгін / ШҚО

Облыс орталығында 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратынша, акция аясында мамандар көмегіне екі мыңнан астам адам жүгінді.

- Іс-шара кәсіпкерлік субъектілеріне Салық кодексінің нормаларын, арнайы салық режимдеріне көшуге қатысты өтпелі ережелерді, салық және бухгалтерлік есептілікті тапсыру тәртібін, ақпараттық жүйелерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. 5 қаңтардан бері екі мыңнан астам салық төлеушіге арнайы салық режимдері, өтпелі ережелер, ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару, мобильді аударымдар, мобильді қосымшалар мен ақпараттық жүйелердің жұмысы, салықтық және бухгалтерлік есептілік, өзге де мәселелер бойынша кеңес берілді, - деді ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов.

Тұрғындардың басым бөлігі «Халық бухгалтері» мамандарының жұмысына оң бағасын берген. Акция 30 маусымға дейін жалғасады.

Кеңес алу үшін Назарбаев даңғылы, 86 мекенжайындағы Қызмет көрсету орталығының 3 қабатында орналасқан қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады. Кеңестер сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ұйымдастырылады. Қабылдауды мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі мамандары, Учет.kz, Бухгалтерлер мен аудиторлар альянсы өкілдері жүргізеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив