A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:50 0

ШҚО-да 13 арнайы құрбандық шалу орны белгіленді

Бүгін / ШҚО

Облыста 27-29 мамыр аралығында Құрбан айт мерекесі кең көлемде атап өтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаевтың сөзінше, 27 мамырда сағат 06:00-де облыстағы барлық мешітте айт намазы оқылып, мерекелік шаралар үш күнге жалғасады.

- Мереке қарсаңында өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлық-ветеринарлық талаптарды сақтау және құрбандық шалу орындарын ұйымдастыру мәселелері ерекше бақылауға алынды. Қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға құрбандық еті мен азық-түлік себеттері таратылады. Қайырымдылық көмегімен 100-ге жуық отбасы қамтылмақ, - деді ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев.

Өскемендегі негізгі мерекелік шаралар Халифа Алтай мешітінің маңында өтеді. Мұнда киіз үйлер тігіліп, қоғамдық сауда орындары ұйымдастырылады. 

Сонымен қатар қала және аудан әкімдіктері мерекелік іс-шаралар бағдарламаларын бекітіп, арнайы 13 құрбандық шалу орнын анықтады.

Атап айтқанда:

Өскемен — Атығай асуы (Алматы–Өскемен тасжолы); 

Риддер — Д.Қонаев атындағы Риддер қалалық мешіті; 

Алтай ауданы — «Тенар» қожалығы; 

Глубокое ауданы — «Тастанбеков Ж.Т.» ЖК; 

Зайсан ауданы — “Шығыс-А” мал сою пункті; 

Күршім ауданы — «Мойнақ» шаруа қожалығы; 

Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы; 

Ұлан ауданы — Атығай асуы; 

Үлкен Нарын ауданы — Горный көшесі, 8/1; 

Шемонаиха ауданы — Вокзальная көшесі, 236; 

Катонқарағай ауданы — Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 82; 

Марқакөл ауданы — Қалжыр ауылы; 

Самар ауданы — Аққала ауылы, «Самар-Вет» мал сою алаңы. 

Мереке күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты Дін істері басқармасы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларын бағаны негізсіз көтермеуге шақырды.

Құрбан айт мерекесі аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда тазалық пен санитарлық талаптарды сақтау жұмыстары күшейтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив