A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:55 0

ШҚО-да Мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін / Басты / ШҚО / Руханият

Кәсіби мерекеге орайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шара «The Forest» мейрамхана кешенінде өтіп, оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, кітапхана мен музей саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сала үздіктеріне ведомстволық наградалар, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. 

Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлерінің рухани мұраны сақтау, өнерді дамыту және Шығыс Қазақстанның мәдени имиджін нығайту жолындағы айрықша еңбегін атап өтті.

- Тамыры терең тарих пен тағылымға бай Шығыс Қазақстан – өнер мен руханияттың алтын бесігі. Әр ұйымдастырылған шара, әр қойылым, әр сурет пен кітап көрмесі – туған өлкеміздің рухани келбетін айшықтай түсетін игі еңбек. Қасиетті Шығыс өңірінің мәдениетін дамыту жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін! - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кеш қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары Нұрлан Абдуллин мен Мақсат Рахметтің және өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ жас таланттарға және Шығыс Қазақстанды республикалық әрі халықаралық деңгейде табысты танытып жүрген шығармашылық ұжымдардың жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив