A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 11:55 0

ШҚО-ға былтыр 445 мыңнан астам турист келді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың ақпаратынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша туристік салада тұрақты оң динамика байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2025 жылы облысқа 446 800 турист келді. Ішкі туристер саны 428 800 адамды, шетелдік туристер саны 18 мың адамды құрады. 

- Өңірде 412 орналастыру орны жұмыс істейді. Олардың біржолғы сыйымдылығы 21 737 төсек-орынды құрайды. Орналастыру нысандары көрсеткен қызмет көлемі 9,8 млрд теңгеге жетті. Ал салаға 21,6 млрд теңге инвестиция тартылды, - деді Ержан Сембинов.

2030 жылға дейінгі Стратегияға сәйкес туристік саланы дамыту төрт негізгі кластер шеңберінде жүзеге асырылуда: Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандары (сауықтыру және экологиялық туризм), Алтай және Риддер қалалары (тау-шаңғы және белсенді туризм), Марқакөл және Зайсан аудандары (экологиялық туризм), жыл бойғы демалыс, «Қала – Таулар – Көлдер» кластері (Өскемен қаласы, Ұлан және Глубокое аудандары).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив