A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 12:10 0

Ұлан ауданындағы Шалқар көлі тамызға дейін жабылады

Бүгін / Ұлан

Белгілі болғандай, Шалқар көлі жағалауын абаттандыру үшін өткен жылы 100 орындық тұрақ аймағын кеңейту, кіреберіс жолдарды асфальттау, 5 кабиналы санитарлық-гигиеналық торап орнату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сондай-ақ 150 текше метр құм жеткізіліп, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдар жабдықталды. 

Биыл сәуір айында 132 млн теңге бөлініп, жағажай аумағын 1 гектарға дейін кеңейту, медициналық пункт орнату, аумақ пен акваторияны қамыстан тазарту, фуд-аймақтарды жабдықтау, шезлонгтар мен душ кабиналарын орнату көзделген.

Жағажайды жаңғырту тамыз айында аяқталады. Осы уақытқа дейін ол келушілер үшін жабық болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив