A+ A A-

talgatzhan 52 Бүгін, 17:20 0

ШҚО-да жасөспірімдер арасында түсік жасату жиілеген

Бүгін / ШҚО

Кәмелетке толмағандар арасындағы жағымсыз статистика облыс аумағында өтіп жатқан репродуктивті денсаулық апталығы кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстың бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов соңғы жылдары өңірде жасөспірімдер арасында түсік жасату саны артып, ерте босану көрсеткішінің керісінше, төмендегенін айтты. Дәрігерлер жасөспірімдер жүктілігі деп 18 жасқа толмаған қыздардың аяғы ауыр болған кезін айтады.
– Жасөспірімдер арасындағы түсік жасату саны артты. 2024 жылы 17 жағдай тіркелсе, былтыр оның саны 23-ке жеткен. Ал биыл кәмелетке толмағандар арасында баласын алдырғандар әзірше тіркелмеді. Алайда ерте босану жағдайлары күрт кеміді. Дәрігерлер жыл басталғалы төрт жасөспірім қызды босандырып алды, – деді Марат Көксегенов.
Мамандар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Облыстың бас дерматовенерологы Елена Решетникова өңірде мұндай ауруларды анықтау деңгейі республикадағы орташа деңгейден жоғары екенін айтты.
– Бірінші тоқсанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың 1532 жағдайы анықталды. Биыл жасөспірімдер арасында мерез (сифилис) тіркелген жоқ. Ал  соз (гонорея), трихомониаз және хламидиоз секілді негізгі инфекциялар жыныстық қатынасқа түсіп жүрген екі жасөспірімнен анықталды, – деп түсіндірді маман.
Дәрігерлердің жыныстық жолмен берілетін инфекциялары бар жүкті әйелдер саны азайып жатқанын айтуда. Олардың арасында ең жиі кездесетін инфекция – трихомониаз. Көбінде аудандарда тұратын нәзік жандылар жұқтырып жатады.

Аңсар Жұмағалиева
Фотосурет: ЖИ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив