A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:35 0

ШҚО-да есірткі таратқандар ұсталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысқан екі адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында басқа өңірлерден келген 34 жастағы әйел және 22 жастағы ер адам ұсталды. Олар қылмыстық схемада тыйым салынған заттарды өлшеп-қаптаушы және тасымалдаушы қызметін атқарған.

- Күдіктілер мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заттары салынған орамдар, оларды өлшеп-қаптауға және буып-түюге арналған құралдар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың қатарында жалпы салмағы шамамен 900 грамм болатын синтетикалық «α-PVP» есірткісі және 100 грамға жуық мефедрон болған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіге жеткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив