A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да мас күйде көлік тізгіндеген 49 жүргізуші анықталды

Бүгін / ШҚО

17-25 мамыр аралығында өңірде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті. Оның басты мақсаты – жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Рейд барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2714 фактісін анықтады.

- Көлік құралын масаң күйде басқарған 49 жүргізуші ұсталды. Олардың арасында жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан рөлге отырғандар да болды. Ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 403 көлік құралының пайдаланылуына тыйым салынды. Арнайы тұрақтарға 227 көлік құралы қойылды. Сондай-ақ 176 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді, - делінген ресми ақпаратта. 

Бұдан бөлек, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, балаларды тасымалдау қағидаларын бұзу және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілері анықталды. 




Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив