Құтқарушылар өртенген жер үйден әйел адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Глубокое кентіндегі жер үйде шыққан.
- От үйдің шатыры мен кіреберісін шарпыды. Сондай-ақ далада тұрған екі көлікке де жайылған. Хабар түсе салысымен құтқарушылар сол жерге шұғыл келіп жетті, - делінген ақпаратта.
Үй ішіне кірген ТЖД қызметкерлері еденде жатқан әйел адамның денесін тапты. Оның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.
Көп ұзамай өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған.
Пікірлер