Өскемендік оқушы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай сурет сөз альбомын жарыққа шығарды

411
көрілім

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Асыл Сұңғатқызының «Батыр Баян» сурет сөз-альбомының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Батыр Баян» поэмасын сурет сөз арқылы берген Асыл Сұңғатқызының бұл үшінші альбомы.
Асыл Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 9 «Д» сыныбында оқиды.

Ол осыған дейін «Алаш көсемі», «Ер Төстік» атты комикс-альбомдарды, «Мен жастарға сенемін» атты стикерпакты жарыққа шығарған. «Ер Төстік» комикс-альбомының таныстырылымы Астана қаласындағы Евразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде және Ұлттық академиялық кітапханада өтті. 

Асыл алдағы уақытта интернет кеңістігінде балаларға арналған қазақ тілді контент қалыптастырғысы келеді.