Үржар ауданында Тәуелсіздік күніне орай 53 отбасыға пәтер кілті табысталды

36352
көрілім

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жарқын-іс» акциясы аясында Үржар ауданы бойынша 160 пәтер салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Атап айтқанда, 2020 жылы ауданда 78 отбасы баспанамамен қамтылды, соның ішінде 48 отбасы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша болса, 30 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған көпқабатты үйге қоныстанды.  
Биыл аталған жұмыс қарқыны 2 есеге ұлғайып, аудан бойынша 82 үй салынып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында жаңа баспана кілттері 53 отбасына табысталды.

Үйлер тек аудан орталығында емес, бұрынғы аудан орталығы болған Мақаншы, Таскескен ауылдарында да салынды. Ауданда жылдан жылға пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі ұлғайып келеді. Айналдырған екі жыл ішінде Үржар ауылында бос жатқан жерде заман талабына сай 100-ге тарта тұрғын үйлері бар жаңа «Тәуелсіздік» атты ықшам ауданы бой көтерді.
Қуантарлық жағдай, келер жылы ауданда тағы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді қолданысқа беру  жоспарланған.