Катонқарағай аумағында сабаншы фототұзаққа түсті

1885
көрілім
Фотосурет Katonkaragai.semi парақшасынан

Ақпаратпен Катонқарағай Ұлттық паркі ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сүйенсек, сирек кездесетін аң жуықта ғана фототұзаққа түсті.
– Сабаншының көзге түспей жүргеніне көп болған еді. Мұның алдындағысы тек тоғыз жыл бұрын Аршаты орманшылығының аумағында төбе көрсетті, – деді бөлім қызметкерлері.
Анықталғандай, арнайы құрылғы жылда орнатылады. Бірақ көбінде басқа аңдар түсіп жүрген. Осы жолы ғалымдар сұр түсті жануарды көріп, суретке мұқият қарауға тырысты. Себебі, бір қарағанда оны тастан ажыратып алу қиын. Тұрқын шырамытқанмен, тұмсығы мен құлағы бірден көрінбеді.
– Бастан-аяқ бірнеше рет көз жүгірткен соң оның сабаншы екеніне еш күмәнданбадық. Осыған дейін сілеусін мен қар барысы көзге ілікті. Мұндай жаңалықпен бөліскенімізге бек қуаныштымыз, – делінген ақпаратта.