ШҚО прокуратурасы ірі бизнес субъектісінің құқығын қорғады

1692
көрілім
Фотосурет www.gov.kz сайтынан

Глубокое аудандық прокуратурасы «Прокурор сүзгісі» жобасы аясында еліміздегі жылу оқшаулағыш материалдарын шығару бойынша негізгі зауыттардың бірі саналатын ПТК «IZOTERM» ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған мекемеде 300-ге жуық жұмысшы бар. Полиция органдары «Дәрмек» жедел профилактикалық шарасы аясында сапаны бақылау бөлімінің зертханасында жұмысшылардың нашақорлық, улы заттарды қолдану, созылмалы алкоголизм аурулары бар-жоғын тексерді. Соған сәйкес дәрігердің қорытындысы жоқ жұмысшыларды мекемеге қабылдауға қатысты бұзушылықтарды анықтады.

- Аталған факті бойынша сәуір айында Глубокое аудандық сотының қаулысымен «IZOTERM» ЖШС-не ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыппұл салынып, кәсіпорынның қызметі бір айға тоқтатылды. Іс материалдарын зерделей келе аудан прокуратурасы соттың ЖШС қызметін тоқтату туралы қосымша жазаны заңсыз қолданғанын анықтады. Сөйтіп, сот заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өндірістік учаскесінде бұзушылықтар анықталғанын, сәйкесінше, бүкіл кәсіпорынның емес, бұзушылықтар анықталған зертхананың қызметі тоқтатылу қажет екенін ескермеген, - делінген ақпаратта.

Соттың заңсыз шешіміне Глубокое аудандық прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізді. Ол облыстық сот алқасының қаулысымен қанағаттандырылып, «IZOTERM» ЖШС қызметінің тоқтатылуына жол берілмеді.

Кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп тұр.