Аягөз ауданында өзен суы көтеріліп, көпірді қиратып кетті

2016
көрілім

Абай облысы Аягөз ауданында өзен суы көтеріліп, көпірді қиратып кетті, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

«Жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» жолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып, бір бөлігі қирады. Әзірге көлік қатынасы тоқтатылды. Сонымен қатар басқа айналма көлік жолдары арқылы елді мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады өңір әкімдігінен.

Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

«Халықты Аягөз өзені арқылы өткізу үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді. Олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен азаматтарды өткізіп отырады», - делінген хабарламада.