Жармалықтар Спорт күнін атап өтті

23569
көрілім

Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде Спорт күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оған ауданның үздік  спортшылары, спорт ардагерлері шақырылды.  Аудандық мәслихат хатшысы М. Оспанбаев  жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлестері, жетістіктері үшін ризашылығын білдірді.


- Байрақты бәсекелерде өңір, ел намысын абыроймен қорғап жүрген спорт саласының үздіктеріне, бапкерлер мен ардагерлерге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттары, «Жарма ауданының спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» төсбелгілері, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды, - делінген мәліметте.


Мерекелік шараға қатысушыларға арнап аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.