Абай облысында жоғалған баланы іздеуге 100 шақты адам жұмылдырылған

2692
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Ақпан айының 11-і күні Аягөз аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан баланың жоғалғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салт ат мінген сегіз жасар Мерей Иманғали мал іздеп, кешкісін үйінен шығып кеткен. Алайда біршама уақыт 2015 жылы туған жеткіншектен хабар-ошар болмаған соң жақындары дабыл қақты.

Анықталғандай, баланы іздеу кезінде бүкіл полиция бөлімімен қоса, Аягөз қаласындағы әскери бөлім және Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілермен мен аудан тұрғындары белсене атсалысты.
Арада төрт сағат өткенде іздеуге шыққандар Мерейді елдімекен маңынан тапты. Ақ түтек боранда адасып, жолынан жаңылған екен. Ауа райы тұрақталып, төңірек айқындала бастағанда алыста жанған шамдарды көреді. Сәлден соң өзін іздеп шыққандармен қауышқан.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ