Патриоты туған жердің осылар

49098
көрілім

Тарбағатай аудандық ауруханасының ұжымына арнау

 

Ковид жайлап жатқан шақта ғаламды,

Денсаулықтан қымбат жанға не барды?

Сол соғыстың ортасында жүргендер,

Кешіріңдер білмей жатсақ бағаңды!

 

Соғыстың бар ережесі тəртібі,

Қолданылар тактика да əр түрлі.

Жеңісі ол қолбасшының қолында,

Ешбірі де жан аямас тартынып.

 

Сардары да, сарбазы да қырағы.

Кірпік қақпай қызметте тұрады.

"Жау жоқ деме жар астында" ағайын,

Қырағылық жатқан кезде сыналып.

 

Бас қолбасшы Ақсуатта Алмагүл.

Арқалаған аманаттың салмағын.

Назым қыздай өр мінезді Айгүл бар,

Білімімен мойындатқан жан-жағын.

 

Ғаламтордан ақпаратты қопарып,

Отырады өз ісінен от алып.

Сүйсе əркім мамандығын осылай,

Сүйгені ол - өзі Елін, Отанын!

 

Сырып тастап бар шаруасын үйінің,

Айнаш, Анар, Аңсаған.

Денсаулықтың күзетіне түйінген,

Патриоты туған жердің осылар,

Ақ халатты абзал жанға сүйінем!

 

Ұзақбек Атанбаев

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы