Үржар өңірінде бала зорланды

23743
көрілім
Шартты сурет

9 жасар қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 тамызда баланың анасының келіп түскен арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 120 және 121-і бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Балаға жедел медициналық көмек көрсетілді, - деп қосты полиция департаменті.