Күршім ауданының бірнеше ауылында жолдар жөнделеді

1296
көрілім
Фотосурет Ernur.kz

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, жұмыс аймақтағы “Жол жылы” аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қауырт тірліктің бір бөлігі басталып кеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиында айтылды.
- Мамыр айының 6-нан бастап негізгі жұмыстар басталды. Ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде. Атап айтсақ, Маралды ауылындағы үш көше, Күршім ауылындағы Достық, Шәкәрім және тағы бірнеше көшеде (барлығы 5,8 шақырым) орташа жөндеу қолға алынды. Дәл осындай жұмыстар Алғабас ауылында (2,7 шақырым), Құйғанда 3,8 шақырым, Қаратоғай ауылында жалғаспақ, - деді аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Альбеков.
Әділхан ЕСІМХАНОВ