A+ A A-

talgatzhan 41 31-10-2024, 12:30 0

Катонқарағай ұлттық паркі мамандары фототұзақтар арқылы жануарлар санын анықтап жатыр

Катонқарағай / Бүгін

Олар заманауи құрылғының батареялары мен флеш-карталарын уақтылы жаңартып отырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жануарлар әлемін зерттеу үздіксіз жалғасып отыратын жұмыс. Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығының орманшысы Жомарт Аманбаев ҚР Зоология институтының мамандарымен бірге тау бөктерлеріне орнатылған фототұзақтарды тексеріп қайтты. Олардың батареялары мен флеш-карталарын жаңартты
– Фототұзақтар табиғат әлемін зерттеуде ерекше рөл атқарады – олар арқылы жабайы жануарлардың өмірі мен олардың күнделікті әрекеттерін көруге мүмкіндік бар. Әрбір құрылғыдан алынған мәліметтер біздің табиғатымыздың сырын ашуға көмектеседі және сирек кездесетін түрлерді қорғауға септігін тигізеді, – деді мамандар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив