A+ A A-

talgatzhan 43 11-11-2024, 10:50 0

Өскеменде балдың бағасы қанша?

Өскемен / Бүгін

Kazinform агенттігінің дерегінше, республика көлемінде ең қымбат балдың бір келісі 7500 теңге, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, Алтай өлкесінің балы сұранысқа ие. 
- Еліміздің шығысы бал өндірісінің отаны десек те болады. Мұнда Қазақстанда өндірілетін балдың 70% шығарылады. Осы аймақта бал бағасы келісіне 2,5 мың теңгеден басталады. Қазір біз ең көп тараған гүл балы туралы саралап отырмыз, - делінген ақпаратта.
Семейде де дәл осы баға сақталады. Себебі Семей мен Өскемен арасы небәрі 200 шақырым. Сонымен бірге Павлодарда да бір келі бал бағасы 2,5 мың теңге тұрады.
- Солтүстікке қарай бет алсақ, баға көтеріле береді. Еліміздің астанасында баға орта есеппен 3 мың теңгеден басталады. Ал Қостанай мен Петропавлда бал бағасы шамамен 3200-3500 теңге болып тұр, - делінген агенттік мәліметінде.
Оңтүстікке қарай жағдай өзгереді. Бұл сұранысқа байланысты болуы мүмкін. Мәселен Алматыда бал бағасы келісіне 3500-4000 теңге болып тұр. Ал Шымкент пен Түркістанда балдың кейбір сұрпын, оның ішінде мақсары балын 2500 теңгеге сатып алуға болады. Ал өзге балдың орташа құны 3000-3500 теңге.
- Бал құны еліміздің батысында жоғары. Қалалар арасын салыстырғанда, айырмашылық анық байқалады. Атырауда орта есеппен келісі 3500 теңге деп белгіленген. Ал Ақтауда келісі 7500-9000 теңге. Бұл ең жоғары баға, - делінген ақпаратта.

Фото eldala.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив