Тәртіп бұзушы электрондық темекіні Telegram қосымшасы арқылы 3500 теңгеден сатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше,сатушы парфюмерияның атын жамылып, ол такси жүргізушісі арқылы сатып алушыға тыйым салынған тауарды берген.
- Сотталушы өз кінәсін мойындады және істеген ісіне өкініш білдірді,-делінген баспасөз қызметі берген мәліметте.
Сот қала тұрғынын кінәлі деп тауып, оған 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Фотосурет: azh.kz
Пікірлер