Қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде ер адам 20 000 теңге көлемінде алкоголь сатып алып, жалған ақшамен есептескен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сатушылар купюраның жалған екенін ер адам ғимараттан шығып кеткен соң бірақ байқаған.
Анықталғандай, күдікті бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы азамат болып шықты.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамға екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. ШҚО Полиция департаменті азаматтарды ақшаны қабылдау кезінде ерекше сақ болуға шақырады. Әрқашан купюралардың сыртқы түріне, номиналына және қорғаныс элементтеріне назар аударыңыз, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі, - Ақшаның түпнұсқалығына күмән келтірген жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Фотосурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Пікірлер