Өскемендік ұжым шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел чемпионатында петропавлдық ұжымнан басым түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұрақты чемпионат аясындағы кездесуде есепті алғаш болып «Құлагер» ойыншылары ашты. Өскеменде өткен ойында жергілікті ұжым қақпасына Денис Недилько гол соғып кетті.
Арада 10 минут өткенде торпедолық шабуылшы Владимир Гребенщиков есепті теңестірді.
Сосын Степан Рифель, Захар Пархоменко және Андрей Лагунов ұрымтал сәттерді ұтымды пайдаланып, Денис Каратаев қақпасынан саңылау тапты.
Жалпы есеп - 4:1, «Торпедо» айқын жеңді. Спорт сарапшылары мұны «керемет камбэк» деп, өскемендік ұжымның аяқ алысын жоғары бағалады. Бүгін екі команда арасында тағы бір матч бар. Ойын Б.Александров атындағы спорт сарайында кешкі сағат 18:30-да басталады.
Фотосурет: «Торпедо» командасының ресми парақшасынан
Пікірлер