A+ A A-

86 4-11-2024, 18:00 0

Шығысқазақстандық таэквондошы халықаралық турнирде топ жарды

Өскемен / Бүгін

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Бекарыс Бекенов Катар елінде атой салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халықаралық жарыс Доха қаласында өтті. Жерлесіміз ашық чемпионатта бірінші орынды иеленді. Жарысқа оза шауып, жүлде алу үшін 40 елден 1440 спортшы қатысты. Бағы мен бабы қатар шапқандар халықаралық рейтингіде ұпай еншілейді.
Бекарыс таэквондомен он жылдан аса айналысады. Азия чемпионатынан бөлек, басқа да ірі сайыстарда бақ сынаған
— Бір жыл бойы үздіксіз дайындалдым. Жүйелі жаттығу жасап, тиісті диета ұстанып, дұрыс режим сақтадым. Шынымен маңызды дода болды. Жаттыққаныма қарай тұғырдың ең биік сатысына көтерілдім. Қолдауын аямаған жаттықтырушыма, жақындарыма және отандастарыма рахмет, — деді спортшы. 
Бекарыстың айтуынша, халықаралық аренадағы жеңістер жеке жетістіктерді ғана емес, сонымен қатар С. Аманжолов атындағы ШҚУ спортшыларының жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив