Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманованың айтуынша, керісінше, қаржыны игермегендердің көшін Самар мен Глубокое ауданы бастап тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігінде өткен жиында басқарма өкілі дайындап әкелген слайдын қосып қойды. Сондағы сандарға сүйенсек, ең көп жоба Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай, Самар аудандарында. Бірақ солардың ішінде Шемонаиха ауданы бөлінген 169,8 млн теңгені толық игеріп, 100 пайызды көрсетті.
– Ұлан ауданына бөлінген 2 млрд 205 млн теңгенің 1 млрд 463 млн теңгесі, Глубокое ауданына бөлінген 748,8 млн теңгенің 368,1 млн теңгесі, Самар ауданына бөлінген 564,4 млн теңгенің 212,5 млн теңгесі, сондай-ақ Тарбағатай ауданына бөлінген 830,1 млн теңгенің 537,8 млн теңгесі игерілді, – деді Динара Тұрарбекқызы.
Пікірлер