Бұл туралы мәліметпен ШҚО драма және оперетта театры басшылығы бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Театр ұжымы ақынға жүрекжарды лебізін білдірген екен.
- Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының ұжымы ақын, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «ТҮРКСОЙ» Жазушылар одағының төрағасы және Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТТІ аса мәртебелі марапат - «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алуымен шын көңілден құттықтайды. Құрметті, Ұлықбек Оразбайұлы! Сізді атаулы марапатпен құттықтай отырып, бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!, - делінген мәліметте.
Пікірлер