A+ A A-

talgatzhan 27 17-09-2024, 11:41 0

Зайсанда мамандар АЭС-тің артықшылықтары туралы айтты

Зайсан

Зайсан аудандық Мәдениет үйінде АЭС салу мәселесі бойынша ақпараттық кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ғылыми орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Қылышқанов және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің “Жылу энергетикасы” мамандығы бойынша докторанты Назерке  Қабылбекқызы қатысып, АЭС-тің жұмыс істеу қағидалары мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
- Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, сарапшылар атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы толық түсіндірме жасады. Бұл іс-шараның басты мақсаты – халықты АЭС салу жобасы жайлы толық ақпараттандыру, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беру және қоғамдық пікірді ескеру болды, - делінген Зайсан ауданының әкімдігі берген мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив