FlyArystan әуе компаниясының Астана-Өскемен рейсіне отырғызу кезінде жолаушылардың бірі бортсерікке шабуыл жасаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Ұшаққа отырғызу кезінде 47 жастағы ер адам экипаж мүшелері мен жолаушыларға кедерді жасаған. Полицейлер келгеннен кейін ұшақтағы барлық жолаушылар ұшақтан түсіріліп, рейс кейінге қалдырылған. Әуе компаниясы әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
- Ол мас күйінде бортсеріктің ішінен ұрып, ұшақтан шығып бара жатқанда "бомба" деп айқайлап, жолаушылар мен экипаж арасында дүрбелең тудырды. Бұзақылық және терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, – делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Ұшақ тексеріліп, жарылғыш құрылғылар немесе басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фотосурет: Азамат Ерғалиевтің Facebook парақшасынан
Пікірлер