A+ A A-

talgatzhan 35 10-10-2024, 17:19 0

ШҚО-да дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері 80 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қылмыс / ШҚО

Биыл жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық бойынша 59 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Шығын мөлшері 1,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы тапсырмасын орындау барысында спортты қаржыландыру саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жұмысын тексеру жалғасуда.

- Жыл басталғалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1,3 млрд теңге сомасында шығын келтірген 59 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді. Нақты айтқанда, спорт секцияларын қосарлы қаржыландыру фактілері, тек құжатта көрсетілген, жалған оқу-жаттығуларына бөлінген қаржыны ұрлау сынды қылмыстық істер әшкереленді. Сондай-ақ туризм және спорт министрлігі «Спортты дамыту дирекциясы» мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директорына, оның орынбасарына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Олар «Artsport» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - делінген ресми мәліметте.

Сондай-ақ өңірде дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері өтпеген оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 80 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив