A+ A A-

talgatzhan 20 11-09-2024, 11:53 0

Тұмауға қарсы 2,3 млн доза вакцина сатып алынды

Республика

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Қазір ол үшін 2,3 млн доза вакцина сатып алынды. Ресейде өндірілген екпенің алғашқы партиясы елге жеткізілген. Вакциналау медициналық мекемелер жанындағы арнайы кабинеттерде және көшпелі бригадалар көмегімен жүргізіледі. 

Медицина, әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен мүгедек жандар жоспарлы түрде егіледі. Сол секілді денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцинамен қамтылады, - делінген ақпаратта.

Қалған азаматтар екпені қалауы бойынша ақылы негізде алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив