A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:15 0

Өскемен елдегі ең ақылды қалалардың бірі атанды

Бүгін / Өскемен / Басты

Шаһар ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жариялаған Smart City 2025 ресми рейтиңінде 20 қала ішінен 5-орынға жайғасты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен 80,08 ұпай жинаған. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,12 ұпайға жоғары. Жетекші орындарды 88,10 ұпаймен Астана, 85,19 ұпаймен Алматы, 82,40 ұпаймен Шымкент және 80,78 ұпаймен Қарағанды ​​иеленді.

Министрліктің рейтиңі қаланы басқару, қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салада цифрлық шешімдер енгізілуін бағалайды. Айта кету керек, бұл тұрғындар сауалнамасы немесе өмір сүру сапасының халықаралық индексі емес, қалалардың технологияны қаншалықты белсенді пайдаланатынын үкіметтік бағалау.

Қалада жүзеге асырылып жатқан бірнеше жоба рейтиң бағыттарымен тікелей байланысты. Өткен жылы Өскемен, Риддер, Алтай қалаларындағы Ахуал орталығы мен Полиция басқармасына қарасты операция орталығына 5839 камера қосылды. «Мерген» камералар жүйесінің 202-сі Өскемен қаласына орналастырылды. Жүйелер бет-әлпет пен нөмірлік белгілерді тани алады, сондай-ақ жеке бұзушылықтар мен төтенше жағдайларды анықтайды.

Қаланың цифрлық инфрақұрылымының тағы бір бөлігі – бірыңғай 109 байланыс орталығы. Былтыр облыс тұрғындарынан көлік мәселелері, коммуналдық қызметтердің істен шығуы, ашық люктер, жұмыс істемейтін лифтер және басқа да қалалық мәселелер бойынша 32 000 шағым түсті.

Анықталғандай, Өскемен екінші жыл қатарынан бесінші орын иеленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив