A+ A A-

talgatzhan 10 3-10-2024, 13:04 0

2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Республика

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.


«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес әзірленген Үкімет қаулысының жобасына орай 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады.

Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Қаулы жобасы 16 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив