Қалалық Оралхан Бөкей атындағы кітапханада жасанды интеллекттің дамуы жөнінде республикалық семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның негізгі мақсаты - жасанды интеллектті кітапхана саласына енгізу. Конференцияға республиканың түкпір-түкпірінен кітапханашылар келіп қатысуда. Нақтылап айтсақ, Орал, Алматы, Қарағанды сияқты ірі қалалардың кітапханашылары пайдалы мағлұматтар алуда. Бұдан бөлек, жиынға Ресей федерациясынан аталған сала маманы қатысып, арнайы оқу сабақтарын өткізуде.
- Жасанды интеллект қалада қарқынды дамып келе жатыр. Бұл бізге қойылып отырған заман талабы. Осыны үйреніп, тәжірибе алмасу үшін шетелден маман шақырттық. Бұл конференцияны басында республика көлемінде өткіземіз деп жоспарланғанбыз. Кейіннен халықаралық дәрежеге жетіп, көршілес Ресей мемлекетінен спикер келді. Вадим Константинович есімді маман шақыртылып, осы сала жөніндегі білімі мен тәжірибесін кітапхана қызметкерлерімен бөлісуде, - дейді О.Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.
Айта кетейік, конференция 2 күнге созылады.
Пікірлер