453.87 508.33 5.65
A+ A A-

ШҚО әкімі: «Тар жол, тайғақ кешу болмасын»

ШҚО әкімі: «Тар жол, тайғақ кешу болмасын» [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өткен демалыс күндері облыстағы бірқатар маңызы бар жолдарды қар басты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Әсіресе, Риддер, Самар, Осинов және Өмеш асуы аумақтарында жолаушылар діттеген жеріне жете алмай қиналды. Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонаиха, Өскемен-Тарғын-Самар тасжолдарында бірнеше жол апаты тіркелді. 
Осыған қатысты мәселелер төңірегінде қазір облыс әкімдігінде өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Ермек Көшербаев дайындық жұмыстары мен қауіпсіздікті сақтау шараларына тоқталып өтті. 
- Әлеуметтік желі арқылы тұрғындар тарапынан бірқатар шағым түсті. Келесі аптада аяз болады деп күтілуде. Ол дегеніміз - жолда көктайғақ басталады. Тар жол, тайғақ кешу болмас үшін төтенше жағдайдың алдын алу керек, - деді ол. 
Жиын барысында аудан әкімдері мен жауапты басқарма өкілдері есеп беріп, жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет Noks.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив