A+ A A-

talgatzhan 70 12-11-2024, 09:30 0

ШҚО әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері көктайғақ кезінде сақтық танытуға шақырды

ШҚО / Бүгін / Басты

Облыс әкімдігі өкілдері қазір көлік мінгендерді жолдағы жылдамдықтарын азайтып, жаяу жүргендерді сақтық танытуға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қар аралас жаңбыр жауып, іле күн күрт суытса, жолдар мен тротуарларда қауіпті жағдайлар жиілейді. Статистика бойынша, барлық жол-көлік оқиғасының шамамен 40%-ы қысқы уақыттағы көктайғақ пен қардан туындаған. 
– Жүргізушілер үшін қозғалыстың негізгі шарты – ол сақтық танытып, жылдамдықтарын төмендету. Ал жаяу жүргіншіні көктайғақ кезінде екі қауіп күтіп тұр – тайып жығылу немесе абайсызда көлік астына түсу. Суық ауа райының басталуымен көшедегі жарақаттардың саны өсуде: көгеру, сүйегін шытынату және сынықтар. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай уақытта зардап шеккендердің саны 2 есе артады, – делінген ақпаратта.
Көктайғақта құлап қалмас үшін нәзік жандыларға биік өкшелі аяқ киімдерін қоя тұрып, сырғанамайтын аяқ киім киген жөн. 
– Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз. Мүмкіндігінше қолды қалтаға салмау  керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз. Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқша немесе ұштары бар арнайы таяқшамен жүрсе, біршама қауіпсіз, – делінген ақпаратта.

Фотосурет Gov.kz 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив