Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолында жаяу жүргіншіншілерді қағып кеткен жүргізушінің үкімі шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол апаты 2023 жылдың қараша айында Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары тасжолының 142-ші шақырымында болған. Бұл мәселе бойынша іс жүргізу бір жылға жуық уақытқа созылды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік жүргізушісі Тұрғысын ауылының маңында келе жатып, жол жиегінде тұрған екі адамды қағып кеткен. Анықталғандай, екі тұрғын сол жерде тіл тартпай кетті.
– Сотталушының кінәсі куәгердің айғақтарымен, жол-көлік оқиғасы схемасымен, сараптамалық зерттеулермен расталды, – делінді сот отырысында.
Ер адамға бес жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Пікірлер