Футзалдан алматылық «Қайрат» клубы жуықта ғана Чемпиондар лигасының төрттік финалынв жолдама алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бас-аяғы 16 команда және төрт топ. «Қайрат» ойыншылары В тобына түскен болатын. Ол жердегі қарсыластары: Этуаль (Франция), Ольмиссум (Хорватия) және Динамо Загреб (Хорватия).
Қуанышқа орай, Марлон Веласко шәкірттері үш ойында да жеңіске жетіп, әр топтың үздіктері бақ сынайтын төрттік финалға жолдама алды. Шешуші бәсеке 2025 жылдың 1-4 мамыр аралығында өтеді. Финал болатын жер шешілсе, «Қайрат» «Картахена», «Спортинг» және «Пальма» командаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, алматылық клуб сапында Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Нарун Серіков сынды аягөздік спортшылар бар.
Фотосурет Sports24.kz
Пікірлер