Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер және спорт резерві бөлімінің басшысы Аида Жуханова ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, облыс аумағында барлығы 35 спорт мекемесі жұмыс істейді. Онда 727 бапкер ұзын-ырғасы 17,4 мың адамды жаттықтырады.
– Аймақта барлығы 27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервті спорт мектебі бар. Үш жоғары спорт шеберлігі мектебі, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, дене шынықтыруды дамыу орталығы және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері жұмыс істейді. Айта кетерлік жайт, былтыр спортты серік еткендер саны облыс тұрғындарының жалпы санынан 305 мың 989 адамға жетті, – деді бөлім басшысы.
Пікірлер