A+ A A-

talgatzhan 50 4-12-2024, 14:00 0

ШҚО-да 30 мыңға тарта адам Өскемен маңынан жер аламыз деп кезекте тұр

ШҚО / Бүгін

Мәлім болғандай,  қараша айының 1-і күнгі мәліметке сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша 42 мыңнан астам адам жер учаскесін алу кезегінде тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматының ауданы 0,1 га жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскесін алуға құқығы бар. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елдімекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі. Облыс әкімдігі мәліметінше, биыл 1-ші қарашадағы жағдай бойынша облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 18451,5 млн. теңге. оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына – 3690,9 млн теңге көзделген. 
– Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнаулы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады. Арнайы есепке қою кезінде азаматтың осы нысаналы мақсатқа бұрын мемлекет берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі, – делінген ақпаратта.
2022 жылы «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін қарау немесе кезекке қою (10 сотық)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі іске қосылды. Арнайы есепке қою үшін өтініш www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде электрондық түрде беріледі. Қызметті автоматтандыру азаматтарға арнайы есепке күш жұмсамай тұрып, өз кезегін көруге мүмкіндік берді, алайда учаскені алу кезегі бірнеше есе өсті. 2024 жылғы 1 қарашаға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 42 мыңнан астам адам жер учаскесін алу кезегінде. Оның ішінде, Өскемен қаласының аумағында учаске алуға кезекте 29194 азамат тұр.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін жеке меншікке тегін беру оны игергеннен (тұрғын үйді пайдалануға бергеннен) кейін жүргізіледі. Игеру кезеңінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жүргізіледі.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив