A+ A A-

admin 54 13-12-2024, 11:00 0

ШҚО-да келер жылы 10 көпқабатты үй салынады

ШҚО / Бүгін

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Фархад Белбеевтің айтуынша, пәтерлердің жалпы аумағы 109,9 мың шаршы шақырым болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, бұған 33,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл ұзын-саны 996 пәтерді қамтиды. Одан бөлек, қосымша қаржыландыру үшін тағы 6,1 млрд теңге қарастырылады. 
- Жеке инвесторлардан 179 пәтер сатып алынады. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жұмыс жалғаса бермек. Пәтерлерді сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінеді. Жұмыс уақтылы тәмамдалса, пәтер кілттері әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы аналарға беріледі, - деді Белбеев.
Оның сөзінше, жалпы 201 млрд теңгеге 784,2 мың шаршы шақырым болатын баспана құрылысы көзделген. 2025 жылы соның 400 мың шаршы шақырымды қамтитын бөлігін қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив