Өскеменде өткен туризм кеңесінде осы салада жүрген кәсіпкерлер кадр тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеңес барысында өңірдегі оқу орындары туризмді дамытуға қолғабыс болатындығын жеткізді. «PROF EDU AKADEMY» жеке меншік мектебі шығыстағы туризм саласының мамандарын дайындайтын жетекші орындардың бірі. Оқыту курсы үш айдан тоғыз айға дейін созылады. Сонымен қатар тәлім алушы оқу ақысын төлеп қана қоймай, шәкіртақы алады.
- Туризм біздің үшін жаңа бағыт. Біз әуелі нарықты зерттегеннен кейін барып жаңа мамандықтарды оқытуды қолға аламыз. 2024 жылы "Вояж" ЖШС туристік операторлармен және жергілікті атқарушы басқармамен бірлесе отырып туризм саласына кадр даярлау жөніндегі жобаны әзірледік, - деді мекеме директоры Татьяна Лемина.
Елімізде туризм саласының мамандарын даярлауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінуде. Мемлекеттік тапсырыстың арқасында кез-келген адам, жасына, біліміне және материалдық жағдайына қарамастан туризм саласына керекті: туристік гид, бухгалтер, нұсқаушы, қонақ үй әкімшісі, жүргізуші, сондай-ақ осы салаға қатысты мамандықтар бойынша білім алады. Тегін білім алушыларға қойылатын жалғыз шарт – тұрақты жұмысының болмауы.
Сонымен қатар туризм бизнесімен айналысатын жаңа мамандықтарды ашып, студенттерді тәрбиелеуге өңірдің басқа да білім беру ұйымдары, соның ішінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ынталы. Мысалы, соңғы жылдары өңірге Қытай елінен келетін туристердің саны артқан. Ал қытай тілін меңгерген гидтер мен аудармашылар жоқтың қасы.
Пікірлер