A+ A A-

talgatzhan 43 18-12-2024, 15:02 0

Шығысқазақстандық кәсіпорындардың өнімділігі артуда

ШҚО

Облыста қайта өңделген өнім экспорты бір жылда 37,6%-дан 65,5% - ға дейін өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Қытайда өткен халықаралық көрмедешығысқазақстандық"ВостокЭкоЛайн", "Сей-Нар" және "Янтарь" компаниялары құны 11 млн доллар болатынкелісімшартқа қол қойды.

— Халықаралық іс-шаралар аясында облыстың экспорттық әлеуетін арттыруға арналған бірқатар келісімшарттарға қол қойылды. Соның ішінде аймақта өндірілетін өсімдік майын экспорттауға басымдық берілуде, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Самарқандта өткен "Қазақстан-Өзбекстан" 4-ші халықаралық форумында да май тасымалдау үшін сомасы 12 млндолларболатын келісімшарт жасалды.

Шанхайдағы 7-ші халықаралық импорт көрмесінде B2B-келіссөздері нәтижесінде "Востоксельхозпродукт"ЖШС мен қытайлық компания келісімшартқа отырды. Келісімшарт құны 3 млн долларға бағаланды.

Өңірдегі мал шаруашылығы да өнімділікті арттыруға арналған шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, жыл соңына дейін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасымен Шемонаиха, Ұлан және Алтай аудандарында өнімділігі жылына 40 мың тоннаға жететін 6 ірі сүт фермасын іске қосу жоспарда бар.

Соңғы жылдары аймақта балық популяциясын қалпына келтіру жұмыстары да өз жемісін беруде. Облыста «OstFish» компаниясы жасанды бассейндерде жас бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен және оларды кейіннен табиғи мекендеу ортасына қайтарумен айналысады. Мәселен, биыл экологиялық акция аясында Қара Ертіс өзеніне 23 мың Сібір бекіресі қайтарылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив