Аймақтағы ветеринарлық қызметтің автопаркі жаңарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2025 жылға арналған облыс бюджетінен ветеринария қызметіне 2,8 млрд теңге бөлінді. Айта кетейік, қазір автопарктегі 80% - дан астам техниканың тозығы жетіп тұр, соңғы рет 2015 жылы толық жаңартудан өткен.
ШҚО-да келер жылы мал шаруашылығы саласын дамытуға жалпы вюджеттен 3,775 млрд теңге қаржы жұмсалады. Соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізуге — 1,922 млрд теңге, дәрілік препараттарды сатып алуға — 36,5 млн теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруге-76,7 млн теңге.
- Ветеринариялық қызметтің автопаркін жаңарту үшін 129 техника сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ «КамАЗ шасси» көлігіне краноманипуляторлық қондырғысы бар инсинератор орнатуға 85 миллион теңге бөлінді, - деді ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархат Белбеев.
Өңірде 10 мал қорымын салу жоспарға алынды. Бұл бастамаға бюджеттен 758 млн теңге бөлінбек.
Ресми мәліметке сүйенсек, Катон-Қарағай ауданындағы сегіз ауылға бір мал қорымы, Зайсан ауданында екі мал қорымы, Күршім ауданында бес ауыл үшін дәл осындай бес жоба, Марқакөл ауданында екі ауданға екі мал қорымы салынады.
Пікірлер