Ресми мәліметке сенсек, жыл басталғалы облыс спортшылары 4968 медаль жеңіп алды, бір спорт кешенінің құрылысы тәмамдалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, биыл 67 республикалық және 2 халықаралық іс-шара өткізілді. Облыс спортшылары 4968 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 1787 – алтын медаль.
– Риддер қаласында шаңғы-роллер трассасы, Тарбагатай ауданының Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, Ұлан ауданының Таврия және Бозанбай ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр, – делінген ақпаратта.
Пікірлер