Соңғы бес жылда аймақта бруцеллезбен ауырған үй жануарларының саны азайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ветеринария басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауру мал жоспарлы диагностикалық зерттеу барысында анықталған.
– Біз елдімекендердегі малдардан тегін қан алып, оларды арнайы мал қорымына апарамыз. Бруцеллездің таралуын болдырмау үшін ветеринарлық-санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Індетке шалдыққан мал еті арнайы орындарға жіберіледі. Еттен жоғары температурада консервіленген өнімдер жасалады, ал ішек-қарнын бірден жойып жібереміз, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.
Ең қиыны бруцеллез малды қойып, адамдарға да тез жұғады. Ауру таралуының басты себебі сол, санитарлық нормаларды сақтамау.
– Бруцеллез – жұқпалы ауру. Аймақ тұрғындарына ауру туралы жалпы деректер түсіндіріліп, егер ауру белгілері пайда болса бірден ветеринарлық бөлімге хабарлау керек. Көп жағдайда мал иелері ауруды жасырады, екпе салдырмайды. Бруцеллез малға тараса, адамға да жұғуы мүмкін, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Биыл аймақта бруцеллез ауруын 36 адам жұқтырған.
– Індетті жұқтырған адамдар не істеу керектігін, қайда жүгіну керектігін білмейді. Халық арасында сырқаттану деңгейінің артып келе жатқанын түсінінуіміз керек, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Бруцеллез ауруының өсімі Күршім, Үлкен Нарын, Глубокое аудандарында анықталған.
Пікірлер