A+ A A-

talgatzhan 37 25-12-2024, 17:05 0

Өскеменде Industrial IA  орталығы ашылды

ШҚО

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында қазақстандық компаниялармен консорциум аясында Industrial AI орталығы құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл орталық металлургия, энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларында инновациялық шешімдерді әзірлеумен айналысады.

Аталған Industrial AI жобасы дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ол ең алдымен тау-кен металлургия саласына арналған жасанды интеллект саласында инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге бағытталған. Бастама өндіріс процестерін автоматтандырып, еңбек тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Бұдан бөлек, отандық өнеркәсіптің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды көздейді.
- Industrial AI орталығының бірнеше негізгі бағыты бар. Олардың бірі - нақты уақыт режимінде деректерді талдап, өндіріс процестерінің қауіпсіздігі мен бақылауын қамтамасыз ететін машиналық көру жүйелерін енгізу. Бұған қоса, жабдықтарды бақылау және кәсіпорындардың энергетикалық инфрақұрылымын басқару үшін ЖИ технологияларын пайдалану жоспарлануда. Сондай-ақ орталық жаңа технологияларды меңгеру, тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін тиімді алаңға айналады, - деді Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-дағы құзірет орталығының басшысы Руслан Қайратұлы.
Айта кетейік бұндай жоба облыста алғш рет ашылып отыр.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллинаның сөзінше, Industrial AI орталығы ғылымды, білімді біршама жетілдіреді.
-  Бұл ғылыми қауымдастық пен өндіріс технологияларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Ғылыми көзқарас пен ЖИ технологиялары негізіндегі жүйелерді қолдану арқылы елдің тау-кен металлургия саласы дамудың жаңа деңгейіне шыға алады. Өндіріс пен оның процестерін жаңғырту  Қазақстанның жоғары технологиялар әлеміндегі болашағы үшін маңызды кезең, - деді университет ректоры.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив