A+ A A-

talgatzhan 42 26-12-2024, 10:50 0

Антикор ШҚО-да жолдарды жөндеу кезінде жемқорлық тәуекелдерін анықтады

ШҚО / Бүгін

Облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері автомобиль жолдары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соның нәтижелері бойынша жолдарды салу мен жөндеудің барлық кезеңдерінде, құрылысын жоспарлаудан бастап, күтіп ұстауға дейін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін анықтады. ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакеновтің мәліметінше, жемқорлық лебі кепілдік міндеттемелері үшін ең төменгі мерзімдерді белгілеуге байланысты сезілген.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдар автожолдарды орташа жөндеу бойынша шарттарда кепілдік мерзімдерін бір жылға дейін әдейі төмендеткен 3 факті анықталды. Заңнамаға сәйкес 2 жылдан 6 жылға дейін болуы тиіс.
– Марқакөл ауылының көше жолдарын орташа жөндеу бойынша жалпы сомасы 59 млн. теңгеге жасалған шарт осының айқын дәлелі. Аталған шартта кепілдік міндеттемелердің мерзімі 1 жыл деп қана көрсетілген. Сондай-ақ жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы 8 шартта Тараптар автожолдарды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша кепілдік мерзімдерін мүлдем көрсетпеген. Мысалы, жалпы сомасы 341 млн. теңгені құрайтын Катонқарағай ауданының ТКШ бөлімімен «Согорное – Балықасу» автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша шартта кепілдік міндеттемелердің мерзімі мүлдем жоқ. Осы мәселе бойынша біз кепілдік мерзімдерін ұлғайту туралы ұсыныстар бердік, құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу кемінде 5 жыл, орташа жөндеу кемінде 3 жыл, – деді Денис Шакенов.

Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив