Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәліметінше, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ю.Увалиев көшесіндегі 600 орындық жаңа мектептің құрылысы тәмам болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалар, аталған білім ошағының ерекшеліктеріне тоқталды.
– «Жайлы мектеп» типтік мектепке қарағанда ауданы бойынша 12%-ға артық және заманауи технологиялық құралдармен 2 есе көп жабдықталған. Барлық сыныпта ең заманауи интерактивті тақталар орнатылды. Мектеп озық STEM-зертханалармен, робототехника сыныптарымен, спорт залымен, заманауи үлкен LED-экраны бар акт залымен, сондай-ақ коворкинг пен демалуға арналған аймақтармен қамтамасыз етілген, – деді басқарма өкілдері.
Мұнымен қоса, мектеп аумағында футбол алаңы, жүгіру жолы, әмбебап спорт алаңы, workout ойындары мен сабақтарына арналған аймақтар, сондай-ақ АӘД үшін плац жабдықталды.
– Аймақтарға бөлу – бұл мектептің басты ерекшеліктердің бірі. Жайлы мектепте кіші және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек кіреберістер қарастырылған. Мұндай тәсіл қысымды және жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына қатысты буллинг болдырмауға жағдай жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін пандустармен, лифттермен, арнайы көрсеткіштермен, жеке кең дәретханалармен және инклюзивті сыныптармен жабдықталған. Мектеп заманауи бейнебақылау және өртке қарсы озық жүйемен қамтылған, – делінген ақпаратта.
Анығы сол, әр оқу мекемесі жергілікті атқарушы органдармен салынған қауіпсіз кіреберістер, автотұрақтар, жарықтандырылған тротуарлар және жаяу жүргіншілер өткелдерімен қамтамасыз етілетін болады.
Пікірлер